Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Кіру
БҚИТУ Ақпараттық білім беру ресурстары орталығы Электрондық кітапхана

Жаңа әдебиеттердің кітап көрмесі

2026 жылдың 23-27 қарашасы аралығында ақпараттық-білім беру ресурстары орталығы оқырмандар назарына жаңадан келіп түскен әдебиеттер көрмесін ұсынады.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды кітап қорына жаңадан қосылған әдебиеттермен таныстыру, білім алушылар мен оқытушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу-ғылыми үдерісті қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету.
Көрмеге әртүрлі білім салаларын қамтитын жаңа оқу, ғылыми, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттер қойылды. Ұсынылған басылымдар білім алушылардың кәсіби білімін жетілдіруге, ғылыми ізденістерін дамытуға және дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Оқытушыларды, білім алушыларды әдебиеттер көрмесімен танысуға шақырамыз!