Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
БҚИТУ Ақпараттық білім беру ресурстары орталығы Электрондық кітапхана

БҚИТУ Салалық технологиялар институтының Ақпараттық-білім беру ресурстары орталығына сыйға тартылған жаңа әдебиеттер

БҚИТУ Салалық технологиялар институтының Ақпараттық-білім беру ресурстары орталығының қоры 100-ден астам жаңа кітаппен толықты. Жаңа басылымдардың қатарында тұлғалық даму, психология және өнер салалары бойынша әлемге танымал бестселлерлер, Қазақстан қалалары туралы көркем безендірілген альбомдар, энциклопедиялық басылымдар, қазақ классиктерінің шығармалары, сондай-ақ халқымыздың батырлары мен еліміздің көрнекті тұлғалары туралы әдебиеттер бар.

Кітаптарды Ақпараттық-білім беру ресурстары орталығына белгілі қазақстандық меценат Азамат Утенов сыйға тартты.

Азамат Утенов — кәсіби қаржыгер, Enactus Kazakhstan Директорлар кеңесінің мүшесі және Reading Club жобасының негізін қалаушы. Жобаның басты мақсаты — студенттер арасында кітап оқуды насихаттау, олардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және өзін-өзі дамытуға деген ынтасын қалыптастыру. Кітаптан алған білім жастардың ой-өрісін кеңейтіп, пайдалы дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оларды оқу барысында, күнделікті өмірде және кәсіпкерлік жобаларда тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

БҚИТУ Салалық технологиялар институтының Ақпараттық-білім беру ресурстары орталығы кітап қорын толықтыруға және жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға қосқан құнды үлесі үшін Азамат Утеновке шынайы алғысын білдіреді.

Студенттерді, оқытушыларды және барлық оқырмандарды Ақпараттық-білім беру ресурстары орталығына келіп, жаңа кітаптармен танысуға шақырамыз. Әрбір оқырман өзіне қызықты әрі пайдалы кітап табады деп сенеміз.