Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Кіру
БҚИТУ Ақпараттық білім беру ресурстары орталығы Электрондық кітапхана

«Ақпараттық білім беру ресурстары орталығының электрондық ресурстары мен сервистерін пайдалану»  оқыту семинары өткізілді

Университеттің Ақпараттық-білім беру ресурстары орталығының ұйымдастыруымен  білім алушыларға арналған « АББРО-ның электрондық ресурстары мен сервистерін пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – университет АББРО-ның электрондық ресурстары мен цифрлық сервистерінің мүмкіндіктерін таныстыру, пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және электрондық ресурстарды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Семинар барысында қатысушыларға  электрондық каталогтан қажетті әдебиеттерді іздеу, толық мәтінді оқу материалдарын пайдалану, ғылыми мақалаларды іздеу және ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.

 таныстырылды.  Сонымен қатар, Wallet қосымшасындағы электрондық оқырман билеті арқылы телефоннан АББРО қызметтерін пайдалану  түсіндірілді.

Ерекше назар электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мәселелеріне аударылды. Атап айтқанда, университеттің электрондық кітапханасын, Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхананы (РМЭБ), «Параграф» ақпараттық жүйесін сондай-ақ Wiley, Scopus және Web of Science,  ScienceDirect халықаралық ғылыми деректер базаларын пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.