База данных: Книги
Страница 2, Результатов: 45

І 79
Есенберлин, І.
Қатерлі өткел / І.Есенберлин. - Алматы : [б. и.], 2023. - 288 б. - Библиогр. в конце ст. - ISBN 978-601-80930-0-5 : Б. ц.
Рубрики: Художественная литература (произведения)
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- ҚР -- РОМАН -- ISBN 978-601-80930-0-5 -- Қатерлі өткел
Аннотация: Ілияс Есенберлиннің "Қатерлі өткел" романының бас қаһарманы, алашордашыл ақын Бүркіт.Роман оқиғасы оның бүкіл ғұмырын қамтиды.Өзінің ұстазы ақын Ақанның қазасына қатты қайғырған Бүркіт кеңес өкіметінің қазақ еліне, қазақ халқына не бере алатынын түсінуге тырысады. Оның бар ойы халықтың болашағы, оның осы уайымын ескі досы Ақан мен танысы Қаражан барынша пайдалануға тырысады. Бірақ олар халықты емес, өз қара бастарының қамын ойлаған жандар. Осы екіжүзділіктері өз түптеріне жетеді. Бүркіт болса нағыз қазақ интеллигенциясының идеясынан ауытқымай, бүкіл ғұмыры мен шығармашылығында өз халқы мен отанына деген адалдығын сақтап қалады. Роман өзіне тиесілі бағасын әлі алмады, өз уақытында Алашордашылар идеясы қандай өзекті болса қазіргі уақытта бұл романда көтерілген мәселелер де сондай өзекті. Кітап жалпы оқырман қауымына арналады.
Экземпляры всего: 2
аб (2)
Свободны: аб (2)

І 79
Есенберлин, І.
Алтын Орда / І.Есенберлин. - Алматы : [б. и.], 2023. - 752 б. - Библиогр. в конце ст. - ISBN 978-601-80863-0-4 : Б. ц.
Рубрики: Художественная литература (произведения)
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- ҚР -- РОМАН -- Алтын Орда -- ISBN 978-601-80863-0-4 -- роман-трилогия -- Шығыс -- Еуропа -- тарихи роман
Аннотация: Ілияс Есенберлиннің "Алтын Орда" тарихи роман-трилогиясы ерте заман кезеңдерін баяндайды, соған қарамастан, ол қазақ халқының этногенезін дамыту және оның болашақ мемлекеттілігін қалыптастыру үшін аса маңызды мәнге ие. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан халқының дамуына кері әсер етіп, әртүрлі регрессия үдерістері пайда болып, қалалық мәдениет баяулағанымен, Алтын Орда кезеңінде алғаш рет интеграциялық үдерістер мүмкіндігі болды, еуразиялық дала мәдениетін тасымалдаушыларының өзара кең әрекеттесуі мен өзара әсеріне қол жеткізді. Қазақстан халқы мұсылмандық Шығыс, Еуропа, Қытаймен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болды,алғаш рет бұрын шашыраңқы тайпаларды біріктіру мүмкіндігі туды, дала заңнамасы енгізілді. Ілияс Есенберлин-қазақ әдебиетінде алғаш рет Алтын Орданың гүлдену және құлдырау кезеңдерінің жекелеген тарихи материалдарын жүйеліндіре алды.Тарихи оқиғалардың шынайы серпінін эпостық ауқыммен суреттеп, сол дәуірдегі ұлы Дала адамдарының қайталанбас бейнелерін сомдады.
Экземпляры всего: 2
аб (2)
Свободных экз. нет

В 16
Вальдингер, Р.
Бақытты өмір / Р.Вальдингер, М.Шульц. - Алматы : [б. и.], 2025. - 400 б. - Библиогр. в конце ст. - ISBN 978-601-11-0517-0 : Б. ц.
Рубрики: Общая психология
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- ҚР -- психология -- Бақытты өмір -- өмір -- ISBN 978-601-11-0517-0 -- бақыт
Аннотация: Авторлар Роберт Вальдингер мен Марк Шульц "Бақытты өмір" кітабында бақуатты әрі мағыналы өмір факторларын зерделеген 80 жылдық зерттеудің тұжырымдары мен осы білмді іс жүзінде қалай пайдалануға болатыны туралы әңгімелейді. "Бақытты өмір" оқырманға өмірді шынымен бай әрі бақытты ететін нәрсе қаржылық табыс пен жетістіктің синонимі емес, біздің қарым-қатынасымыздың нәтижесі екенін түсінуге мүмкіндік береді.Осы керемет жұмыс біздің бай-қуатты болуымыз бен өсіп өркендеу қабілетіміз толығымен өз қолымызда екенін біржола дәлелдеу үшін ғылыми дәлдікті, дәстүрлі даналықты,шынайы өмірдің ғажайып хикаяттары мен ілкімді идеяларды біріктірген.
Экземпляры всего: 1
чз (1)
Свободных экз. нет

М 74
Момышұлы, Б.
Ұшқан ұя / Б.Момышұлы. - Алматы : [б. и.], 2024. - 224 б. - ISBN 978-601-82129-0-1 : Б. ц.
Рубрики: Художественная литература (произведения)
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- ҚР -- Ұшқан ұя -- повесть -- мемуарлық шығарма -- патриоттық тәрбие -- тарихи кезең -- көркем әдебиет -- ISBN 978-601-82129-0-1
Аннотация: Көпшілікке батыр ретінде танылған Бауыржан Момышұлы, әскери өмірін аяқтаған соң, қолына қалам алып, шығармашылықпен айналысқан.Оның соғыс туралы, жауынгер психологиясы туралы жазғандары әскерилер үшін аса құнды болса, бала кезі туралы жазған "Ұшқан ұя" повесті қазақы құндылықтарды көрсете алуымен исі қазақ үшін ерекше бағалы. Кітап балалар мен ересектерге арналады.
Экземпляры всего: 2
аб (2)
Свободных экз. нет

М 74
Момышұлы, Б.
Москва үшін шайқас / Б.Момышұлы. - Алматы : [б. и.], 2023. - 380 б. - ISBN 978-601-80863-8-0 : Б. ц.
Рубрики: Художественная литература (произведения)
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- ҚР -- Москва үшін шайқас -- РОМАН -- ISBN 978-601-80863-8-0 -- тарихи оқиғалар -- отансүйгіштік тәрбие -- әскери мемуар -- көркем деректі шығарма -- Панфилов дивизиясы
Аннотация: "Москва үшін шайқас" романы тақырыптық тұрғыдан А.Бектің "Волоколамск тас жолы" туындысының жалғасы болып табылады. Мұнда ойдан шығарылған оқиға немесе кейіпкерлер жоқ.Бұл өз көзімен көрген, өз басынан кешкен оқиғаларды әңгімелеуші адамның жазбасы.Автор ащы да ауыр өмір шыңдығын бар қалпында беруге тырысады. Бірақ бұл оның, біздің жауынгерлер мен офицерлердің жеңіске, совет адамына деген сеніміне селкеу түсірмейді.
Экземпляры всего: 2
аб (2)
Свободны: аб (1)

Момышұлы, Б.
Соғыс психологиясы / Б.Момышұлы. - Алматы : [б. и.], 2022. - 256 б. - ISBN 978-601-06-8626-7 : Б. ц.
Рубрики: Художественная литература (произведения)
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- ҚР -- ISBN 978-601-06-8626-7 -- Соғыс психологиясы -- хроникалық кітап -- Ұлы Отан соғысы -- әскери стратегия -- патриотизм
Аннотация: Кеңес және шетелдік қаламгерлер Б.Момышұлын мәскеу түбіндегі ұрыста (бұл туралы А.Бектің "Волоколамск тас жолы")романында баяндалған) өзінің батылдығының арқасында жауынгерлерді жауға қарсы шабуылға көтерген аты аңызға айналған комбат, сондай-ақ "Артымызда Мәскеу" (1958), "Генерал Панфилов" (1963), Абай атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алған "Біздің семья" (1976) тәрізді кітаптар авторы ретінде жақсы таниды. Кітапқа Б.Момышұлының 1943-1945 жж. ғалымдар, жазушылар,жауынгерлер мен саяси қызметкерлер алдында сөйлеген сөздері, дәрістері, басынан өткен оқиғаларға , Ұлы Отан соғысының психологиясына жауынгерлік, қаламгерлік, педагогтық көзқарасы жайлы кейбір хаттары енді.Кітап жалпы оқырман қауымына арналады.
Экземпляры всего: 1
чз (1)
Свободных экз. нет

Б 42
Бек, А.
Арпалыс (Волоколамск тас жолы) / А.Бек. - Алматы : [б. и.], 2020. - 624 б. - ISBN 978-601-80805--0-0 : Б. ц.
Рубрики: Художественная литература (произведения)
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- ҚР -- Арпалыс -- Волоколамск тас жолы -- әскери мемуар -- ISBN 978-601-80805--0-0 -- Отан қорғау -- әскери проза -- Бауыржан Момышұлы
Аннотация: Бұл шығарманың басты кейіпкерлері-Панфилов дивизиясындағы жеке батальонның жауынгерлері. Батальонды ұлты қазақ,комбат-Бауыржан Момышұлы басқарады.Бұрынғы артеллерист, батарея командирі, жаяу әскерлер батальонын басқарып көрмеген Бауыржан үшін 1941-ші жыл әскери шеберлігін шыңдау мектебі болды.Оған өз сарбаздарының тағдырын шешуге,жан-жақтан жиналған әр алуан адамдарды өз ырқына бағындырып,бәрінің басын біріктіріп, жұмылған жұдырықтай етуіне тура келеді.Қорғана жүріп, тайсалмай шайқасуы нәтижесінде Момышұлының батальоны Панфилов дивизиясындағы резервтік күшке айналады және жаудың күш-қуатын мейлінше әлсіретіп, оның Волоколамск ауданынан Мәскеуге шабуылдауын тежей тұруға жауынгерлік тапсырма алады.Адамдар шығыны мен майдандағы күрделі ахуалға қарамастан, батальон берілген тапсырманы абыроймен атқарып шығады.
Экземпляры всего: 1
чз (1)
Свободны: чз (1)

Н 90
Нұрпейс, Ә.
Соңғы парыз / Ә.Нұрпейс. - Алматы : [б. и.], 2021. - 368 б. - ISBN 978-601-06-7898-9 : Б. ц.
Рубрики: Художественная литература (произведения)
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- Соңғы парыз -- РОМАН -- қоғам -- Арал теңізі
Аннотация: Бүгінде адамзат баласының алдында екі мәселе тұр: біріншісі дүниежүзілік соғыс, екіншісі-экологиялық апат.Ал енді адамзат баласының бойында белең алған рухани күйзеліс одан да қауіптірек болуы мүмкін. Заманымыздың аса көрнекті жазушысы Әбді-Жәмил Нұрпейстің бұрындары оқырманға "Сең", "Парыз", "Соңғы парыз" атымен белгілі болған роман дилогиясында Арал теңізінің трагедиясы ғана емес, осы жан түршігерлік трагедияның адамдардың жан дүниесінде қалдырып кеткен рухани әсері жан-жақты әңгіме болады.Адамзат тарихының нәзік жібі қай замандардан бастау алатынын, қай тұста үзілерін білмейтініміз секілді, адам-пенденің қамшының сабындай қысқа ғұмыры қаншама айлар мен жылдардан, қаншама күндер мен түндерден тұратынын кім біліп, кім санап жатыр? Роман -дилогияның негізгі арқауы ретінде осындай бір күн мен бір түннің оқиғасы алынған.Небәрі бір күн мен бір түн.Бірақ...Бірақ ол қандай күн, қандай түн десеңші?
Экземпляры всего: 1
чз (1)
Свободны: чз (1)

| 16+ |
Н 90
Нұрпейісов, Әбдіжәміл Кәрімұлы (1924-2022).
ҚАН мен ТЕР,. Бірінші кітап : Ымырт ; Екінші кітап : Сергелднң ; Үшінші кітап : Күйреу : үш кітаптағы роман: / Ә. К. Нұрпейісов. - Алматы : [б. и.], 2021. - 546 б. - ISBN 978-601-06-7604-6 : б/ц
Рубрики: Художественная литература (произведения)
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- РОМАН -- Қан мен тер -- роман-трилогия -- тарихи оқиғалар -- қазақ прозасы -- Арал өңірі -- ұлттық тарих -- эпикалық шығарма
Аннотация: Бұл романның алғашқы басылымы бұдан жарты ғасыр бұрын шыққан.Сонда шығармадағы қатігездікпен және көз жасымен, адасулармен және жоғалтулармен, жарықпен және түнекпен, санаға сәуле түсумен және сағымдармен құны төленген қақтығыстар ХХ ғасыр басталуымен бітердей көрінген. Сол замандағы адамдардың көрген азап, бейнеттері ақыр соңында зейнетпен марапатталып, бақытқа адал жолмен жететін.
ХХІ ғасыр келді, ол да махаббат, құмарлық, ана болу сияқты, даңққұмарлық,екіжүзділік, ақымақтық пен өтірік сияқты мәңгілік болып шықты.
Сонымен, тағдырдың шынайы жаратушысы кім және оқиғалар барысын кім басқарады-адамның өзі ме, әлде романда айтылғандай, "адамның басы Алланың добы" ма, бәрі де өтеді, бәрі де оралады, әр адамның өмірін бір тылсым күш билегені ме сонда?
Қазіргі заманның ең ірі прозашысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбді-Жәміл Нұрпейістің трилогиясы философиялық ой-толғаныстарының тереңдігімен, өзіндік ұлтық мінез-құлық бейнесімен және тұжырымдарының қатаң айқындығымен ерекшеленеді.
Кітап көпшілік оқырманға арналады.
Экземпляры всего: 2
аб (2)
Свободных экз. нет

| 18+ |
Құттықадам, С. Р. (1946–2024).
Ұлтқа қызмет ету. Мемлекет басқарудың әлемдік 10 мысалы / С. Р. Құттықадам, аударған З. Жұманова . - екінші басылым. - Алматы : [б. и.], 2023. - 484 б. - ISBN 978-601-80930-1-2 : Б. ц.
Содержание:
Елдің күрес әфсанасы . - С .4
Бірінші басылымға автордан . - С .13
Үшінші басылымға автордан . - С .17
Жауынгер және құрылысшы Ататүрік . - С .19
Екі әлем арасында . - С .53
Рузвельт – соғыстан кейінгі әлемнің негізін қалаушы . - С .59
Рузвельт «жаңа бағдардың» өзекті үндестігі . - С .97
Ғажайып жасаушы қайсар Эрхард . - С .102
«Неміс ғажайыбы» . - С .134
Дэннің даосы . - С .140
Тастардан ұстап, өзеннен өт . - С .185
Рональд Рейганның ең үздік рөлі . - С .192
Рейганомика деген осы . - С .226
Мандела – аңыз-адам . - С .231
Оңтүстік-африкалық модернизация . - С .266
Ли Куан Ю – Сингапурды жаратушы . - С .272
Үшінші әлемнен біріншіге . - С .304
Махатхирдің даңқы мен драмасы . - С .312
Малайзиялық үндеу . - С .349
«Темір» Тэтчер . - С .357
Тағы да тэтчеризм туралы . - С .392
Лех Валенса – тағдыр құралы . - С .398
Полякша естен тандыру терапиясы . - С .426
Соңғы сөз . - С .431
Ескертпелер . - С .432
Рубрики: Политика. Политология
Политическое управление
ҚР
Кл.слова (ненормированные):
ҚАЗАҚСТАН -- ҚР -- Ұлтқа қызмет ету -- ұлттық құндылықтар -- ұлттық сана -- патриоттық тәрбие -- рухани мұра
Аннотация: Бұл кітапта өз отанына жасаған игі істерін тек отандастары ғана емес, дүниежүзі қауымдастығы мойындаған үздік реформатор-мемлекет басшылары жайлы әңгімеленеді.Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың жоғары және орта буын басшыларына арналған. Сондай-ақ, ол саясаттанушыларға, журналистерге, экономистерге, студенттер мен мемлекет басқару мәселелерін зерттеушілердің барлығына да қызықты. Экономикалық комментарийлері бар.
Доп.точки доступа:
Жұманова, З. \пер.\
Экземпляры всего: 2
аб (2)
Свободны: аб (1)
Страница 2, Результатов: 45