Kitap.kz
Электронды кітапханада 5000-нан астам кітап бар: көркем әдебиет, бизнес және ғылыми-көпшілік кітаптар. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін 1000-нан астам аудиокітап бар.
Ашық қолжетімді электронды ресурстар, кітапханалар және ғылыми платформалар
Электронды кітапханада 5000-нан астам кітап бар: көркем әдебиет, бизнес және ғылыми-көпшілік кітаптар. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін 1000-нан астам аудиокітап бар.
Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен оқытушыларының онлайн-курстарына (ақпараттық технология, математика, робототехника, инновация, құқықтану, тарих, мәдениеттану, әлеуметтану, педагогика, философия, өнер, саясаттану, экономика, кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг) және «100 жаңа оқулық» жобасымен шығарылған гуманитарлық саладағы кітаптарға тегін қол жеткізуді ұсынатын білім беру платформасы.
Сайт осы білім саласына қызығушылық танытқандар және еліміздің қалыптасу тарихы туралы көбірек білгісі келетіндер үшін, сондай-ақ оқытушылар, оқушылар, студенттер мен ғылыми қызметкерлер үшін жасалған. Мұнда Қазақстан тарихы туралы көптеген пайдалы әрі қызықты ақпарат жинақталған.
Қазақ тілін үйренудің тегін әрі тиімді жолы. Сабақтар, мәтіндер, бейнероликтер, сөздіктер, фразалар және оқулықтар бөлімдері бар. Қазақ авторларының деңгейге бөлінген оқулықтарын осы жерден оқуға болады.
Қазақстандық авторлар шығармаларының интернет-кітапханасы. Порталдың мақсаты — қазақ әдебиетіне қызығушылықты арттыру арқылы қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілін Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал ету. Электронды басылымдар түрлі тілдерде ұсынылған.
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушы — Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған портал.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми ақпараттық-құқықтық жүйесі. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, заңнамалық құжаттарды іздеуге, танысуға және талдауға арналған.
Нәрікбаев университеті ғалымдарының заң саласы бойынша ашық қолжетімділіктегі ғылыми еңбектері жинақталған.
Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген объектілер бойынша іздеу: өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, жалпыға мәлім тауар белгілері, тауар белгілері және тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары.
Қазақстан Республикасындағы мақалалар мен қорғалған диссертациялардың (кандидаттық, докторлық, PhD) реферативтік деректер қорына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Әлем мәдениеттерін білдіретін материалдардың кең ауқымына бірнеше тілде тегін онлайн қолжетімділік. Мақсаттары: мәдениетаралық түсіністікке ықпал ету, интернеттегі мәдени контенттің ауқымы мен әртүрлілігін кеңейту, оқытушыларды, ғалымдарды және барлық пайдаланушыларды ресурстармен қамтамасыз ету.
Онлайн білім берудің жетекші алаңы. Қазақстанда IT, гуманитарлық ғылымдар, экономика, физика, кәсіпкерлік, маркетинг және басқа бағыттар бойынша 50 000 онлайн курсқа тегін қол жеткізуге болады.
Әлемдегі ең үлкен әрі ыңғайлы патент іздеу жүйесі. Дүниежүзілік патенттерді кілт сөздер, автор немесе компания атауы арқылы оңай табуға болады.
126,8 миллион патенттік құжат, оның ішінде 5,4 миллион жарияланған халықаралық патенттік өтінім (РСТ) бойынша іздеу.
Евразиялық патенттік ведомство (ЕАПВ) әзірлеген ірі ақпараттық-іздестіру жүйесі және деректер базасы: әлемдік, аймақтық және ұлттық патент құжаттарына қол жеткізу.
Ресейдегі ғылыми жарияланымдардың ең үлкен электронды кітапханасы, ақпаратты іздеу мен алуға мол мүмкіндік береді. Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) базасымен біріктірілген.
Ғылымның түрлі салалары бойынша ақпарат. Халықаралық ақпарат агенттіктері мен іскерлік баспасөздің миллиондаған материалдары.
Барлық форматтар мен пәндердегі ғылыми жарияланымдардың толық мәтінін индекстейтін еркін қолжетімді іздеу жүйесі. Бір сұраныс арқылы рецензияланған мақалаларды, диссертацияларды, кітаптарды, рефераттар мен есептерді іздеуге болады; ең маңызды нәтижелер бірінші бетте көрсетіледі.
Дүние жүзіндегі ашық қолжетімді ресурстардың ең үлкен жинағының бірі — 560-тан астам журнал және 120-дан астам кітап.